Phone: +7(717) 270-62-24     Email: info@lamec.org

Салтанат Джумасултанова

2012 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының Богатырев орта мектебін сәтті аяқтап, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетіндегі физикалық және экономикалық география кафедрасының гидрология мамандығын игерді. Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университетінің физикалық география мамандығының 1 курс магистранты. Салтанат қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Оның қашықтықтан зондылау, ГАЖ, космосуреттерді өңдеу саласында және ArcGIS, QGIS, PCI Geomatica бағдрламаларымен жұмыс істеуде тәжірибесі мол.  2016 жылдың 26 – 30 қыркүйек аралығында «ЖҚЗ ақпараттарын GEOMATICA 2016 бағдарламасын қолдана отырып фотограмметриялық өңдеу» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады.

Салтанат қашықтықтан зондылау, ГАЖ технологиялары мен Қазақстандағы геотуризмді дамытуға қатысты бірнеше жобаларда жұмыстануда. Бурабай ұлттық саябағының қоршаған ортасы мен су ресурстары бойынша зерттеулер жобасында ГАЖ маманы ретінде жұмыстар атқарды. Жоба барысында қашықтықтан зондылау ақпараттарын өңдеуге және гео-порталға қажет ГАЖ қабаттарын дайындауға қатысты. Су теңдестігін есептеуге қажет мәліметтерді космосуреттер арқылы өңдеп, су теңдестігін құруға ат салысты. Сонымен қатар Салтанат ЮНЕСКО Геопарктері әдістемелерін Қазақстан мен Орталық Азияға бейімдеу бойынша жобамен жұмыстануда.

Salta.jumassultanova@mail.ru

Ms.saltu@mail.ru

Mob: +7 705 812 18 93