Phone: +7(717) 270-62-24     Email: info@lamec.org

Гульмайра Бариева

2012 жылы Екібастұз қаласындағы «Зерде» мамандандырылған мектебін сәтті аяқтады. 2016 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің гидрология мамандығы бойынша бакалавр деңгейін иемденді. Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетіндегі физикалық және экономикалық география кафедрасының география мамандығының 1 курс магистранты. Гульмайра қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Ол Астана қаласының сумен қамтылу және су пайдалану мәселелерін зерттеумен айналысқан. WinSRM гидрологиялық моделін қолдануда тәжірибесі бар. Ол 2016 жылдың 26 – 30 қыркүйек аралығында  «ЖҚЗ ақпараттарын GEOMATICA 2016 бағдарламасын қолдана отырып фотограмметриялық өңдеу» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады.

Гульмайра қашықтықтан зондылау, ГАЖ технологиялары мен космосуреттерді өңдеуді меңгеруде. Гульмайра Қазақстандағы экотуризмді дамытуға қатысты бірнеше жобаларда жұмыс жасауда. Ол ЮНЕСКО Экопарктері әдістемелерін Қазақстан мен Орталық Азияға бейімдеу бойынша жобаның көшбасшыларының бірі болып табылады және жаңа идеялар мен олардың іске асырылуын қадағалайды.

gumaika@mail.ru

+7778 816 60 90